Ботулизмнің алдын алу
22 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы тестілерінен чемпионат ұйымдастырылатыны белгілі. Бір қуанарлығы, осынау айтулы жарыста біздің өрендеріміз мақтанышпен айтарлықтай нәтижелер көрсетіп жүр. Қарақыстақ ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектептің түлегі Елена Хуголь былтырғы додада аудан абыройын асқақтатқан еді. Биыл да осы мектептің 8 сынып оқушысы Нұржан Әуесбаев аталмыш чемпионатта ұзындыққа секіруден жүлделі I орын, кіші допты нысанаға лақтырудан да жүлделі I орынды жеңіп алды. Айта кетейік, Нұржанды бұл жарысқа баптаған Бауыржан Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жүніс Бектемишов. Ал мұғалімдер бәсекесінде Құлан мектеп гимназиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қалмұрат Кульчиков кермеге тартылудан жүлделі I орын, ұзындыққа секіруден жүлделі II орынды иеленсе, Бауыржан Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Светлана Скребец жүзуден жүлделі III орын, нысанаға оқ атудан жүлделі II орынды еншіледі.
Шымкентте топ жарды
№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс жаттықтырушы Еділбек Тайлақов Шымкент шаһарында өткен республикалық жарыстан жүлделі I орынмен оралды. Бұған дейін Ыстықкөл мен Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирлерде тұғыр сатысынан қол бұлғаған Еділбек Тайлақов Шымкентке жол жүрерде нағыз бабында болды. Оны жарыс қорытындысынан да байқап отырған боларсыздар. 21 шақырымдық жарыста Еділбек алдына жан салмады. Оның осы қашықтықтағы уақыт көрсеткіші 1 сағат 30 минут. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш. Әрдайым өзін шыңдап, жүгіруді дағдыға айналдырған Едекең жақын күндері көршілес жатқан Өзбекстан еліне жол жүрейін деп отыр. Мұнда ол марафоннан халықаралық жарыстардың біріне қатысады. Еңбекқор Едекеңе сәттілік жолдас болсын дейміз.
Жерлесіміз Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Абай орта мектебінің түлегі бүгінде Алматы қаласындағы Амалбек Тшанов атындағы республикалық спорт мектебінде білікті бапкерлерден тәлім алып жүрген жерлесіміз Дана Дидай бокстан жасөспірімдер арасында Үндістан мемлекетінде өткен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды. 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан бойжеткен турасында біз бұған дейін де мақала жазып, оның талантты боксшы екенін айтқан болатынбыз. Дананың болашағы жарқын. Оның ең басты қаруы – соққысы. Бапкерлер солай дейді. Жұдырығы жуан жас талант талай байрақты бәсекелерде ауданымыздың ғана емес, елдің даңқын асқақтатарына кәміл сенеміз.
Топтаманы дайындаған Марат Диханбай.