Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

902 Views

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының мәжіліс залында партия облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Арыстанбеков, облыстық және аудандық партиялық бақылау комиссияларының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысқан жиынды облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Абай Нұржанов ашып, жүргізіп отырды. Жиында алдымен сөз алған облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, топ жетекшісі Әмина Қайназарова аудандық партиялық бақылау комиссиясының жұмыстарына жүргізілген зерделеудің қорытындысын баяндап берді. Өз кезегінде аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Қайрат Мадалиев 2018 жыл мен 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары және аудандық бюджеттің орындалуына бақылау жасау бойынша жүргізген жұмыстарының барысы туралы есеп берді. Жиын соңында облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудандық комиссияның атқарған жұмыстарын талқылап, бірқатар ұсыныстар берді.

Мереке Сейдашым.

Поделиться ссылкой: