Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Қараша айының 8 күні латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде бір мезгілде «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы өтті. Аталмыш акцияға аудан тарапынан да қолдау көрсетіліп, әртүрлі сала қызметкерлері осы бастамаға атсалысты. Атап айтар болсақ, мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және өзге де сала өкілдері бір мезгілде диктант жазды. Сол күні біз аудандық орталық аурухана мен № 1 мектеп-лицейіне барған едік. Осы ретте, ақ халатты абзал жандар мен мұғалімдердің диктантты ерекше талпыныспен жазып жатқанын көрдік.
Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ринат Сартаевтың айтуынша, жаппай диктант жазу акциясына атсалысқан жандардың қатары көп болған екен. Аталған сала өкілдері мен оқушылар санын қосқанда 12 мыңға жуық аудан тұрғындары диктант жазыпты.
Марат Жолдасбекұлы.