Бірлігі берік бөлімше
Аудан әкімшілігінің құрамында көптеген бөлімдер бар. Бүгінгі таңда олар ауданымыздың экономикалық әрі әлеуметтік дамуына үлкен үлестерін қосуда. Өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды жоғары деңгейде орындау мақсатында әрбір бөлім аянбай қызмет атқарып келеді. Солардың қатарына аудандық қаржы бөлімін де жатқызуға болады.
1938 жылы құрылған бөлімнің тарихы өте тереңде жатыр. Негізгі қызметі аудан бюджетінің шығысының орындалуын қадағалау. Сонымен қатар, коммуналдық мүліктерді жекешелендіру және оларды есептеу де осы бір мекеменің тікелей қызметі болып табылады. Ауданның есеп-қисабын толықтай өз бақылауына алған мекемеде білімді де, білікті мамандар қызмет етеді. Атап айтар болсақ, бөлімді жас болса да үлкен жауапкершілікті өз мойнына алған Тойшығұл Жапарқұлов басқарып отыр. Одан бөлек мекемеде сектор меңгерушілері Бейшенқұл Ниязқұлов пен Нұрсұлу Сейсеу, бас мамандар Асқар Әлпейісов пен Талант Таңат сынды жас жігіттер қызмет атқарып жүр.
Ауызбіршілік пен табандылықтың арқасында берілген жұмысты бірге еңсеруге тырысатын бөлім қызметкерлеріне толағай табыс тілеп, төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Ж.Сәдуақас.