Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
30 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Ілгеріде банк жүйесі халықтың қаражатын сақтандыру бағытында ашылып, сақтық банкі болып атала бастады. Дәлірек айтқанда, салымшылармен жұмыс істеді. Ал, 1997 жылдан бастап жұртқа зейнетақы мен жалақы төлеп, несие беруге көшті. Қазіргі таңда банктің қызмет түрлері көбейді. Банк қызметкерлері қазір валюта айырбастау, әр түрлі төлемдер қабылдау, бюджеттік салымдарды қабылдап алу, шетелге қаражат аудару сияқты операцияларды жүзеге асырады.
– Халықтық банк жүйесінде 25 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан қаржыгерлердің қатарына Жұбайкүл Құрманованы, Үміткүл Молдатаеваны, Мәйкө Нұрманбетоваларды жатқызуға болады. Олар кассалық бөлімдердің бірқалыпты жұмыс істеуіне үлесін қосып келеді. Сондай-ақ, А.Қуанышбекова, Ж.Кемелбекова және А.Амангелді сияқты жастардың да есімін ерекше атауға болады, — дейді аудандық «Халық банкінің» басқарма басшысы Күлпәш Тұржанова.
Суретте: банк қызметкерлері.