140 жоба қанағаттандырылды

544 Views

Қаржыгерлер Күні қарсаңында «Құлан – Дән» несие серіктестігі басқармасы он айдың қорытындысын шығарды. Егер 2018 жылы 118 жоба бойынша құрылтайшыларға 719 миллион 929 мың теңге берілген болса, 2019 жылы 140 жоба қанағаттандырылып, 874 миллион 660 мың теңге несие қожалықтарды дамытуға босатылды. Осы қаржының 376 миллион теңгесін Байзақ ауданындағы құрылтайшылар алды. Бұл олардың өкілдік болып құрылғаннан бергі алған несиесі. Егер аудан бойынша 446 құрылтайшы бар десек, Байзақтағы өкілдікке 90 құрылтайшы мүше.
– Серіктестік келешекте қаржылық-шаруашылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласынан өкілдік ашуды көздеп отыр. Бұл 2020-2021 жылдарға арналған жұмыссыздарды жұмыспен қамту «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Байзақ ауданындағы өкілдіктің басшысы Жадыра Жүздікбаева біздің сенімімізді ақтады. Ісіміздің ілгерілеуіне мол үлес қосып жүрген қаржыгерлерді ерекше атап өтсем деймін. Біз бас есепші Жазира Құрамаеваның, несие әкімгері Касина Байрамклованың, несие бөлімінің басшысы Ализа Қожатаеваның, кепіл бағалаушы Абдулхамит Кейқуаттың және заңгер Айгүл Қожагелдинованың еңбегіне ризамыз,-дейді несие серіктестігінің басқарма басшысы Рахманалы Әбдіқадыров.
Иә, соңғы жылдары несие серіктестігінің демеуімен көптеген шаруашылықтар өздерінің экономикалық жағдайын түзеп алды. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланып, егін егу мен мал өсіруді жолға қойған қожалықтар қазір өздерінің алдына жаңа міндеттер қоя бастады.

С.Қожеке.
Суретте: «Құлан – Дән» несие серіктестігінің ұжымы.

Поделиться ссылкой: