Тағайындау

608 Views

Жамбыл облыстық полиция депар­таментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтың 2019 жылғы 7 қарашадағы №1241 ж/қ бұйрығымен Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Қапаров Қайрат Мұқанұлы тағайындалды.
Қапаров Қайрат Мұқанұлы 1964 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылдан бастап ішкі істер органында қызмет атқарып келеді.
2000-2006 жылдары Меркі аудандық ішкі істер бөлімінде тергеу бөлімі бастығының орынбасары, тергеу бөлім­шесінің бастығы, 2006-2008 жылдары аралығында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметтерін абыроймен атқар­ды.
2008-2009 жылдары Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер депар­таменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Көліктегі Оңтүс­тік-Шығыс ішкі істер департаменті анықтау басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Алматы ака­де­миясының тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2011-2013 жылдары Жамбыл об­лыс­тық ішкі істер департаменті Тыл­дық қамтамасыз ету басқармасы басты­ғының орынбасары, 2013-2014 жылдары Тараз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары қыз­меттерінде болды.
2014 жылдан бастап күні бүгінге дейін Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

Поделиться ссылкой: