Ұлт Көшбасшысы жастардың да қолдаушысы

811 Views

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан да бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістік өсімі жөнінде ойлануға тиіс» деген сөзін жадына тоқыған жас кәсіпкердің бірі Фарида Қылышева. Ол ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Жастар жылының» салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан.
Елін сүйген Елбасының жастардың жанашыры екеніне куә болған жас кәсіпкер:
– Мен атадан мирас болып қалған мал шаруашылығын ілгері дамытуды қолға алдым. Бүгінгі таңда мемлекет кәсіппен айналысамын деушілерге барлық жағдайды жасап отыр. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 3 млн.теңге қаражат алып, алға қойған мақсатымды іске асырдым. Алған қаражатқа 10 бас сиыр сатып алған болатынмын. Менің түсінгенім — кәсіпте алға қойған мақсатыңнан таймай, тек ілгері қадам басу керек екен. Жалқаулық жасампаздыққа жетелемейді. Еліміз дамып, әлемдегі 30 елдің қатарына кірсек деп жанұшырып тайталасып жатқанда, бүгінгі заманда қол қусырып қарап отыруға болмайды. Осыны түсінуіміз керек. Сондықтан адам шалқып өмір сүргісі келсе, кәсіппен айналысу керек,-дейді.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: