Партия активі бас қосты
Өткен аптада «Сұлутөр» кинотеатрында «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының партия активі бас қосты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның аймақтық филиал өкілдерімен басқосуында берген тапсырмаларын іске асырылу барысы мен туындайтын міндеттері туралы өткен жиынға партия аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және бастауыш партия ұйымының жетекшілері қатысты. Жиынға төрағалық еткен «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Арыстанбеков баяндама жасады. «Сын және өзара сын деңгейінде өткен республикалық кеңесте қол жеткен жетістіктермен қатар, орын алған кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, партиялық бас қосуды жүргізіп отырған Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев – «Nur Otan» партиясының қалыптасу мен даму жолдарын терең баяндай келе, «Nur Otan» біздің қоғамымыздың алуан түрлілігін көрсетеді. Біз – ел болашағына жауапты бүкіл Қазақстан халқының партиясымыз, нақты істер партиясымыз. Бізде Қазақстанның дамуына қатысты нақты ұстаным бар, тиісті стратегия мен жұмыс жоспарлары бекітілді, қажетті ресурстар қарастырылған», деді. Сондай-ақ, Партия Төрағасы қоршаған қоғамды ұлт мүддесі, ел бірлігі жолында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың төңірегінде топтастыру қажет екенін баса айтты.
Кездесу барысында Н.Ә.Назарбаев Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығына тоқтала келе, партиялас әріптестерін партия ұйымдары алдында тұрған саяси бәсекелестікке асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Елбасының бұл зерделі ойынан – «Nur Otan» партиясының қоғамдағы белсенді позициясын арттыру мен халықтық партияға айналған саяси ұйымның алдағы кезеңдерде бағытталған жарқын істерін анық көруге болады» деп атап өтті. Жарыссөзге шыққан «Көкдөнен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Қасеналиева мен партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Каменка» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұратжан Мейманханов та Елбасы саясатының өміршеңдігі мен Қазақстаның әлемдік аренадағы беделіне тоқталып, әріптестерін партия жұмысына аса сергек қарауға және партияның бағдарламалық құжаттарын табысты іске асыруға шақырды.
Жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев сөз алып, нұротандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Артынша бірқатар бастауыш партия ұйымының мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен орынбасарларына партия төсбелгісі берілді.
Мереке Ержанұлы.