Жоба қатысушыларына сертификаттар табысталды

647 Views

Өткен аптада аудандық кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Айта кетейік, бұл жоба бойынша биыл 68 адам оқытылыпты. Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Өскенбаев Қайрат Амангелдіұлы жиналғандарды құттықтап, ақжарма тілегін айтты. Тағылымдамадан өткен түлектер де өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының ұжымына осы жобамен оқытып, тұщымды кеңестер бергені үшін алғыстарын білдірді.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге, сондай-ақ, оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Жобаның мақсаты — кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Жобаның міндеті — тұрғындарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту, перспективалық кәсіпкерлік идеяларды қолдау. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытып, ауылдық жерлерде іскерлік орта қалыптастыру.
Іс жүзінде кез-келген қабілетті және белсенді Қазақстанның кез-келген азаматы бизнесті бастау мен дамыту үшін мемлекеттік қолдау ала алады. Бұл тегін. Кейінгі жеңілдікпен немесе тіпті өтеусіз қаржыландыру мен кәсіпкерлікті оқыту көпбалалы отбасыларға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға, мүгедектерге және NEET жастарына беріледі.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: