Тұрар Рысқұловтың туғанына – 125 жыл

895 Views

Бірегей тұлға

Алаш зиялыларының ішінен ең алғашқылардың бірі болып оққа ұшқан Жүсіпбек Аймауытовтың «Қазақ азаматтарына дәл қазір мына үш қасиет айрықша керек. Біріншісі – білімділік, екіншісі- табандылық, үшіншісі – ұлтшылдық» деген сөзі бар. Жүсіпбек атамыздың замандасы, бірегей тұлға Тұрар Рысқұловтың бойында осы үш қасиеттің болғанын аңғарамыз.
Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Коворкинг» орталығында архив қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлға — Тұрар Рысқұлов» деген тақырыпта іс-шара өтті. Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған шара барысында архив қызметкерлері Айнұр Кәдірбек, Дамира Доскожаева, Фарида Тасболатовалар Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқыды. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Нұршат Ерсайын да өз кезегінде текті Тұрар баба туралы сүбелі сөз өрбітті. Шара соңында Тұрар Рысқұловтың тұлғалық болмысы видео-слайд арқылы көрсетіліп, дөңгелек үстелге қатысушылар алаш зиялысының жазған еңбектері мен ел игілігіне жасаған еселі еңбектерін тілге тиек етті.

Поделиться ссылкой: