Қайта жаңғырған «Қаракөз»

745 Views

Құлан ауылындағы орталық көше­нің бірі – Жібек жолы. Шыны керек, бұл көшенің бойы бүгінде адам таны­мас­тай өзгеруде. Неге десеңіз, дәл осы ор­талық көшеде бой көтеріп жатқан кез келген сауда орталықтары мен зәу­лім ғимараттар заманауи үлгіде бе­зен­діріліп, қайта қалпына келтірілуде. Сөзіміздің айқын дәлелі ретінде өт­кен аптада ашылған «Қаракөз» сауда ор­талығын айтуымызға болады.
«Қаракөз» сауда орталығы сонау 1980 жылдары салынған екен. Тұрғын­дардың айтуынша, сол жылдары бұл дүкенге тауар сатып алушылар көп­теп келетін деседі. Өкінішке орай, тоқырау жылдары бұл дүкеннің сау­дасы тұралап, ғимараттың іші бос қалды. Жақында біз ғимараттың ішін аралап көрдік. Бұрынғы «Қаракөз» универмагы жаңаша келбетке еніп, өзгеше реңкке боялып тұр расында да. Өзге кәсіпкерден бұл ғимаратты өз меншігіне сатып алып, заманауи үл­гі­де әдіптеп, қайта қалпына келтірген кәсіпкер, Тоқабай ақ­сақалдың ұлы Нұрлан Қауымбаев екенін айтқымыз келеді.
Біз Нұрекеңмен тілдестік. Нұрлан Қауымбаев өте қарапайым әрі кіші­пейіл азамат. Сабырлығын айтсаңызшы. Ол айтады:
– Мен Қуаныш Шонбайдың «Екін­ші болма» деген кітабын оқып шықтым. Сонда мынадай жолдар бар. «Жақсы адам болу – өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлау деген сөз. Өз­гелерге көмектесуге дайын адамға өзгелер де көмектесуге дайын тұра­ды. «Өмір бумеранг сияқты» дегенді бәрі айтады ғой. Ол расында да солай. Не ексең, соны орасың. Аты аңызға айналған американдық миллионер Джон Рокфеллердің жай клерк болып төрт доллар тапқан кезі болған. Сол төрт доллардың жиырма пайызын жинаған, елу пайызын шіркеуге бер­ген, ал өзі қалған отыз пайызын ғана жұмсаған. Бірнеше жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының бірі­не айналды» деп жазады автор. Жал­пы, Джон Рокфеллердің сөздері маған мотивация сыйлайды. Мен де ең алғаш базарда сатушы болдым. Ең бастысы, жалқаулыққа ұрынбай, жатпай-тұрмай еңбек еттік. Қазақша айтқанда, одан «жаман болған жоқ­пыз». Мінеки, соның нәтижесі. Сөзім­ді көп созбақтамайын. Біздің дүкен­ге келіңіздер. Барлық тау­ар­лар қолжетім­­ді бағамен сатылады, -дейді Нұрекең.
Айта кетейік, «Қаракөз» сауда орталығының ашылу рәсімінде ау­дан­дық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов сөз сөйлеп, Тоқабай ақсақал мен оның ұл-қыздарының жа­сап жатқан игілікті тірліктеріне табыс тіледі. Ал Ақжақ қажы Райымқұлов қазақи салтпен батасын берді. Содан соң, аудан эко­номикасының қар­қынды дамуына сүбелі үлес қосқан қос зейнеткер Ілес Бекебаев пен Рай­зо Шәділбеков аталмыш сауда орталығының лентасын салтанатты түрде қиды.

Марат Диханбай

Поделиться ссылкой: