«Тәуелсіздігім — Тұғырым»

418 Views

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына, міне, жиырма сегіз жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезіну керек. Тэуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қогамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қогамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі кұдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.

Тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында еліміздің экономикасы түзеліп, тұғырықтан шықтық.

Ғасырлар тоғысында асқақтай көтерілген Тэуелсіздік туы ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Сан жүз жылдар бойы ата-бабамыз, армандаған егемендікке қол жеткіздік. Ішкі-сыртқы саясатымызды ұлттық мүдде арнасында жүргізіп, демократиялық даму жолына түстік. Зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың берік іргетасын қалап, өркениет көшінің бел ортасынан орын алғанымызды бүкіл әлем жұртшылығы мойындауда. Халықаралық аренадағы, экономикадағы, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қол жеткен оң жетістіктеріміздің барлығы мемлекетіміздің сара саясатын айқындап берген Ата Заңымыз-Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады.

Осы тәуелсіздігімізді сақтай отырып, қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, ел экономикасын көтеруге, мемлекетіміздің қарыштап дами түсуіне, демократиялық жэне құқықтық мемлекет кұру жолында аянбай еңбек етуге бэріміз де міндеттіміз.

«Қазақстан Заңгерлік одағы»

қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық

 филиалынын мүшесі Б.Мухтарова

 

Поделиться ссылкой: