Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдардың бірі – Қорағаты. Шыны керек, бүгінгі таңда бұл ауылдың келбеті жыл өткен сайын ажарланып, жаңару үстінде. Ауылда кез келген іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге лайық ауылдық клуб залы бар. Әкімшілік ғимараты да ауылдың сәнін келтіріп тұрған нысанның бірі. Бірнеше жыл бұрын мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға барлық жағдай жасалды. Қорағатыдағы басты мәселе медициналық ғимарат еді. Биыл бұл мәселе де өз шешімін тапты. Талай жылдан бері тозығы жеткен әлеуметтік нысанда қызмет етіп келген бұл ауылдың ақ халатты абзал жандары жақында жаңа ғимараттың есігін айқара ашты.
Ел Тәуелсіздігі мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесіне орай ашылған жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев қатысып, ізгі тілектерін айтты. Тұрсынхан Есімқұлұлы өз сөзінде:
– Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет.
Жаны жақсы жайсаңдарды құрмет тұт,
Асылдарды әрқашан жадыңда ұста,- деген Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың ұлағатты сөзі бар. Біз өткенді ұмытпауға тиіспіз. Қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Табандылықтың арқасында біз соның бәрінен мойымай, бүгінгі қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманға жеттік. Бұның бәрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алысты болжай білген көрегендігі мен салиқалы саясатының арқасы. Әлі талай тынымды тірліктердің атқарылатынына да сенемін. Бүгінгі ашылып отырған медициналық нысанның құрылысына қолдау көрсеткен тікелей облыс басшысы екенін айтқым келеді. Қорағаты гүлдене берсін. Ауырмаңыздар. Елімізде тек қана тыныштық болсын,-деді. Айта кетейік, Қорағаты фельдшерлік-акушерлік тірегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 келушіге арналып салынған. Жобалық сметалық құны 30 млн. теңгені құраған жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «ЖК Әбілов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жаңа медпунктте емдеу ісіне қажетті құрал-жабдықтардың барлығы орнатылған екен.
Шара соңында аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев жалпы тәжірибелік дәрігер Сапар Жұманазаровқа ғимараттың «Символикалық кілтін» табыс етті. Тәуелсіздік күні мен облысымыздың 80 жылдығына орай өткен аптада Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Малдыбай елдімекенінде 5 келушіге арналған жаңа медициналық ғимарат ел игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс нысанының салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев, Малдыбай ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Қайрат Кездікбаев қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.
Бұл қуанышты жаңалықты малдыбайлықтармен бірге бөліскен Тұрсынхан Жаманбаев жаңа медициналық нысанның құрылысын жүргізген «ЖК Әбілов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Нұрболат Мергенбайұлына алғысын білдіріп, ауыл тұрғындарын алда келе жатқан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Одан кейін, өз пікірін ортаға салған Малдыбай ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Қайрат Кездікбаев өңір жұртшылығына шапағаты тиер ауқымды тірліктердің барлығы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың жүйелі жұмысының арқасында жүзеге асырылып отырғандығын тілге тиек етті.
«Жалпы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салынған бұл қос нысан құрылыстарының мердігер компаниясы – «Тараз-Асар-Сервис» ЖШС-і. Бірақ, құрылысты жүргізген «ЖК Әбілов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлығын бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып шықтық» дейді Нұрболат Мергенбайұлы бізге берген сұхбатында.
Шара соңында аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Есімқұлұлы мен ауыл ақсақалы Қайрат Кездікбаев жаңа медициналық ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды.
Марат Диханбай.