Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында қала мен ауылды дамытудың берік негізі бола алатын шағын және орта бизнес айналасындағы маңызды мәселелерге тоқталған болатын. Әсіресе, аталмыш бағытқа қыруар қаржы бөлінетінін де нақты атап өткен еді. «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді» деп бизнестің, әсіресе, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейтіп, капиталды сыртқа шығаруға, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті жандандыру, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету жүйесін жаңа жобаларға басымдық бере отырып, қайта құру қажеттігін айтып, Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Аталмыш қаражат әлеуметтік бағыттарға, отбасы бизнесін құруға, оның ішінде ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін айқындап көрсетті.
Ел Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмалар бүгінде іс жүзінде іске асырылуда. Оған дәлел ретінде өңірімізде қолға алынып, Үкімет отырысында қолдауға ие болған пиллоттық жобаны нақты атап өтуге болады. Облыстың он ауылдық округінде іске асырылып жатқан жоба отбасы бизнесін құруға, оның ішінде тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған.
Менің ойымша ауылдағы ағайынға бес бағыт бойынша іске асырылатын жобаның ішінде ең тиімдісі ауладағы алақандай жерді кәдеге жаратып, бақшаның бабын табу. Еліміздің өзге өңірлерінде осы бағытта үлгі боларлық мысалдар өте жеткілікті. Сол мысалдарды назарға алып, ауданымызда да аталмыш бағытта жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Оған мемлекет тарапынан қаржылай қолдау да көрсетіледі. Біз тек жобаны жүзеге асыру бағытында аянбай қызмет етіп, бақшаның бабын тапса, берері мол екенін түсінуіміз қажет.
Төлеген Атабаев,
Көкдөнен ауылдық округінің әкімі.