Тұрғындар тарихи туындыларды тамашалады

936 Views

Жер қойнауынан қазып алынып, мұражай төріне қойылған жәдігерлерге қарап, қайран қаласың! Өйткені олар сан ғасырлар бұрын қолданыста болып, бүгінде құнды дүниелерге айналған. Дегенмен, сіз бен біз күнделікті күйбең тіршіліктен босай алмай, өткен күннің тарихы мен бүгінгінің болмысын байланыстыратын мұражайға бара алмай жататынымыз жасырын емес.

Жуырда осы бір олқылықтың ор­нын аудандық мұражайдың қызметкер­лері толтырып, аудан тұрғындарына үлкен мүмкіндік сыйлады. Олар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламаларын басшылыққа алып, аудан мұржайының есігін кешкісін де ашып қойды. Ерекше іс-шараның бас­ты мақсаты – мұражайға келушілер­дің санын арттыру, күні бойы жұмыстан басамайтын жандарға қолайлы жағ­дай жасау.
Эльдар Утембаев басшылық ете­тін мұражай мамандары көздеген мақсаттарына жетті де. Кешкі сағат 19.00-де ашылып, түнгі 00.00-ге жалғасқан шараға 200-ге жуық адам келіп, тарихи туындыларды тама­шалады. Мұражайға аудан тұрғындары­нан бөлек, Құлан агротехникалық колледжінің білімгерлері де келіпті. Шара барысында мұражай сыртына қойылған туындыларды тамашалап тұрған бірнеше студенттермен тіл­десіп те көрдік. «Біз Рамазан, Мұхаметжан үшеуміз бір топта бірге білім аламыз. Ветеренария бөлімінің студенттеріміз. Олар Тараз қаласы­ның жігіттері болғандықтан, колледж жатақханасында бір бөлмеде тұрамыз. Бүгін түнгі музей ұйымдастыры­лып жатқанын естіп, бірден осында кел­дік. Шындығын айту керек, бізге қатты ұна­ды. Ауданның тарихымен танысып, ерек­ше күйге бөлендік. Сонымен қа­тар, Алтын адам, Тұрар Рысқұлов, Абай Құнанбаев, Мэлс Өзбеков, Қамзақ Төлендиев секілді тарихи тұлғалар­­дың рөлін сомдаушылардың образда­ры да көңілімізден шықты. Енді міне, жергілікті суретшілердің туын­ды­ла­рымен танысып тұрмыз. Дәл осындай шаралар көптеп ұйым­дас­тырылып тұрса деген ұсы­нысымыз да бар» деді Жаңатұрмыс ауылының тумасы Шайзада есімді жігіт.
Иә, шыныменде 9000-нан аса экспонат қойылған іс-шара көптің көңілінен шықты. Ұлттық рухты көтеретін, тарихтан терең сыр шерте­тін дәл осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса деген тілек бізде де бар.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: