Атқарылған жұмыстар сараланды

697 Views

Жуырда аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың төрағалығымен алқа мәжілісі болып өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берік Шамаев баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, 1 жыл ішінде бөлім тарапынан ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылған көрінеді.
«2019 жылы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 14 мемлеккеттік қызмет түрлері бойынша 5 мың жиырма тоғыз өтініштер қабылдап, толығымен қанағаттандырылды. Сонымен қатар, бөлімге бөлінген 2 миллиард 242 млн 247 мың.теңге қаражат толығымен игерілді. Сондай-ақ, аудан әкімі мен облыс әкімінің, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен біздің бөлім тарапынан белгіленген индикаторлық көрсеткіштер артығымен орындалды» деді Берік Ысқақұлы өз баяндамасында. Одан бөлек сала басшысы бір жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстарды жік-жігімен саралап, нақты есептік сандар бойынша айтып берді.
Баяндамадан соң аудан басшысы өз ойын білдіріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің атқарған жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Алқа мәжілісінде бұдан өзге де мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: