Еңбегімен танылған азамат
39 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адам баласына қолыңнан келсе жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдыңнан шығады» деген сөзі бар. Осы сөзді жұқамыр жүрек төріне сақтаған аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Пазыл Сүлейменов Жаңа жыл мерекесіне орай Құлан ауылдық округінде тұратын көп балалы 8 отбасыға планшет сыйға тарту етті. Пазыл Сүлейменов әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға да, көп балалы отбасыларға да жүрекке жылу сыйлайтын сөзімен де, атымтай жомарттық ісімен де әркез қолдау көрсетеді. Өйткені, «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» деген Әлихан Бөкейханның ұлағатты сөзін өмірлік ұстанымына балайтын жаны жомарт азаматтың бұған дейін де қаншама шарапаты тиер істерге демеуші болғанын көрген едік. Қоғамдық кеңес төрағасы бұл жолы да азаматтық танытып, көп балалы ата-аналардың алғысына кенелді. Балалардың да езуіне күлкі үйірілді. Өз кезегінде Жаңа жылда балаларын бақытты сәтке бөлеп, планшет және жаңажылдық сыйлық тарту еткен Пазыл Сүлейменовке көп балалы ата-аналар алғыстарын жаудырып, деннің саулығын тіледі.
Марат Диханбай.