Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жамбыл облысының тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бүгінде қызу жүзеге асуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин аталған жобаның күтілетін нәтижесіне тоқталды.
«Халықтың 60 пайызы ауылдық жерлерде тұратын Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар кешені қабылдануда. Осы жоба аясында таяу екі жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 34 пайызға, кәсіпорындар жүктемесі 30 пайызға өседі, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Үкімет басшысы.Айта кетейік, аталған жобаның пилоттық кезеңі өңірдегі 11 ауылдық округте іске асуда. Жобаның бес бағыты шеңберінде жалпы 7 886 аула қамтылады деп күтілуде. Оның 2 459 өтінімі «Тараз» ӘКК АҚ-ы арқылы тікелей несилендерілуде десек, қажетті тұқым, минералды тыңайтқыш және химиялық қорғау заттары кооперативтер арқылы қаржыландырылмақ.
Бүгінде 18 жылыжай құрылысы бойынша өтінім қабылданып, мақұлданған. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту бойынша қазіргі таңға дейін 1 297 өтінім мақұлданып, 3797 миллион теңгеге мал сатып алынуда. Осы және жобаның өзге де бағыттары аясында жұмыстар қызу жалғасу үстінде. Оған құжаттар қабылдау шарасына 70-тен аса маман жұмылдырылып, тәулігіне 200-ден аса құжат айналымнан өтуде.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі.