Қарт ананы құттықтады
26 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Максим Горький атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері жуырда «Сәндік -қолданбалы өнер арқылы оқушыладың танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» тақырыбында аудандық практикалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты – оқушыларды еңбекке баулып, арнайы білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру. Аталған іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Бозымбекова және көркем еңбек пән мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры Г.Найзабекова ашып, мұғалімдерге сәттілік тіледі. «Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стилді) бағыттар» тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Момбекова 9-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Оқушылар манекенге фольга қағазымен киім үлгісін жасады. Ал көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д.Еркебекованың 6-сынып оқушыларымен «Декупаж техникасында бұйымды әрлеу тәсілдері» тақырыбындағы сыныптан тыс сабағы жоғары дәрежеде өтті. Ол декупаж техникасында асханалық тақтайшаларды әрлеу тәсілдерін шәкірттерімен бірге жасап көрсетті. Пән мұғалімі Н.Тасыбаева да «Өру өнері, түрлері мен тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізіп, әріптестерімен тәжірибесін бөлісті. Мұғалімдер шеберлік сыныптан өздеріне қажетті ақпараттар алды. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Г.Бозымбекова іс-шараны жақсы бағалап, мұғалімдерге ризашылығын білдірді.
«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» деп М.Горький айтқандай, пән мұғалімдерінің өз істеріне деген сүйіспеншілігі жоғары болғандықтан, семинардың ұстаздарға да берері мол болды.
Н.Үсейінова,
Максим Горький атындағы орта мектептің кітапханашысы.