Өткен жылдың нәтижесі сараланды

390 Views

Өткен жұмада аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың төрағалығымен алқа мәжілісі болып өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Тұрар Рысқұлов ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы талқыланып, тыңдалды. Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ләззат Сапарбекова баяндама жасады.
Ләззат Тәліпбекқызы өз баяндамасында аудан бюджетінің кіріс жоспары 14,6 млд.теңге болса, көрсеткіш 100,2 пайызды құрап, 36,4 млн. теңгеге артығымен орындалып отырғанын тілге тиек етті.Сондай-ақ, ол тек қана қаржы емес, барлық салаларда нәтижелі жұмыс атқарылғандығын мысал етіп, көрсеткіш нәтижесі жоғары екендігін айтты. Өз баяндамасында Ләззат Сапарбекова аудандық бюджеттен бөлінген және мақсатты жұмсалған қаражаттың жиынтық сомаларын дәйекті мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Алқа мәжілісінде бұдан өзге де мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Марат Аятберген.

Поделиться ссылкой: