НӘЗІКТІК пен ҚАЙСАРЛЫҚ тоғысқан жол
12 ViewsЖуырда Тараз қаласында бокстан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары аралығында туылған жастар мен жасөспірім қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша №24…
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына Көгершін ауылындағы «Ақбота» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері де айрықша құлшыныспен атсалысып, осы игілікті бастамаға елеулі үлес қосуда. Жақында аталмыш бөбекжай-бақшада «Абай — дана, Абай — дара қазақта» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылып, бүлдіршіндер хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Қазақ халқының ұлы перзенттерінің шығармашылық мұрасы кейінгі толқынға үлгі-өнеге. Абай атамыздың қарға тамырлы қазақ халқына жазып қалдырған әр туындысының бағасы құнды. Қанша ғасыр өтсе де, ол қайта қырланған алмастай нұрланып, жарқырап, нұр төге бермек.
Бақыткүл Саймасаева,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.