Әлем таныған Абай

940 Views

Луговой ауылындағы Максим Горький атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен кітапханашылары бірлесіп ұйымдастырған эстафеталық іс-шара Қорағаты шағын орталықты орта мектебінде жалғасын тапты. Нақтырақ айтсақ, аталмыш мектептің кітапханашылары, сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері әріптестерінен биыл ұлттық деңгейде аталып өтілетін хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай бекітілген жоспар аясында межеленген эстафеталық шараны қабыл алып, жуырда «Әлем таныған Абай » деген тақырыпта мазмұнды іс-шара өткізді. Іс –шара шымылдығын Қорағаты шағын орталықты орта мектебінің директоры Б.Сүлейманов сөз сөйлеп, ашып берді. Мектеп басшысы өз сөзінде ел Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты бағдарламалық мақаласында жазылған ордалы ойлардың мазмұны тереңде екенін атап өтіп, Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама , ар ойла,Талап қыл артық білуге»деген өнегелі өсиетті сөзінің мән-мағынасын шараға қатысқан оқушыларға кеңінен түсіндіріп берді. Содан соң, барша әлемге даналықтың үлгісін таратқан , қара сөздерінің әр жолы алтыннан да қымбат хакім Абайдың туындыларын Айшуақ Жорабекұлы, Назым Сауыт, Қарақат Қазнабек, Жансая Құрман, Ақнұр Совет, Біржан Нұржанұлы, Диас Бақтығұл, Жайна Бегайдар есімді мек­теп оқушылары жатқа оқыды. Айшуақ Жорабекұлы Абай Құнанбайұылының «Көзімнің қарасы», Жансая Жәрдем «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас» әндерін нақышына келтіре шырқап, оқушылардың ыстық ықыласына кенелді. Іс-шара аяқталған соң кезекті эстафета Қызылшаруа ауылындағы №3 шағын орталықты орта мектебінің кітапханшысы Күләйхан Бердіқұловаға табысталды.

Айгүл Раисова,
Қорағаты шағын орталықты орта мектебінің кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: