«АНАҒА ТАҒЗЫМ» орталығы ашылды

997 Views

Құлан агротехникалық жоғары колледжіне жаңа басшы келгелі бері оқу орнының бір күні бос өтпейді десе де болады. «Анаға тағзым» орталығының ашылуы да осындай тың идеядан туғаны көрініп тұр. Оның ең негізгі мақсаты аналарға құрмет көрсету. Студенттер жатақханасынан орын берілген осынау шағын орталыққа балалары осы колледжде оқитын ата-аналар келіп, балаларының жатын орнын көріп, тіпті бір-екі күн қасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен, оқу барысымен танысып, баласына аналық мейірім шуағын төге алады. Ұстаздармен кездесіп, баласының сабағына қатысып, колледждің оқу-өндірістік базасымен жете танысады.Сондықтан болар жаңа орталықтың атының өзі айтып тұрғандай бала анасына тағзым етіп, оның ақыл-кеңесін тыңдауына жатақханада барлық жағдай жасалған. Жатақханада бір мезгілде жүзден аса студент жата алады. Қазір онда алпыстан аса бала жатып, екі мезгіл тегін тамақтанады. Оқу корпусы мен жатақхана аймағына 88 бейнекамера орнатылған.
Өткен сәрсенбіде осы орталық­тың ашылу рәсімі болып өтті. Колледж басшысы Саясат Есеев алдымен осында жиналған барлық аналарды алда келе жатқан әйелдер мерекесімен құттықтап, одан соң «Анаға тағзым» орталығының мақсаттарымен таныс­тырды. Одан соң орталықтың лента­сын колледждің байырғы оқытушысы, зейнеткер Тұрсынкүл Сағымбекова мен алтын құрсақты ана Мария Әлімбекова салтанатты жағдайда қиды. Содан соң аналар бөлмесінде жайыл­ған дастарханнан дәм татты. Ана­лардың арасында балалары осы кол­леджде оқитын, көп балалы ана, Тараз­дан келген Рыскүл Нұршанова мен Алтынкүл Сүйіндікова, шөңгерлік Тұрсынкүл Садықова мен құландық Сұлупан Қисықова, тағы басқалар болды.
Аналар жатақханамен танысып болған соң оларға шағын залда мерекелік концерттік бағдарлама көрсетілді. Аналарды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Шақуалықызы Өтеулиева құттықтады. Студенттер аналар қауымына шар сыйлап, ән тартулады.

С.Қожеке.

Поделиться ссылкой: