Қарттар қарап отырмайды

574 Views

Кеңес өкіметі тұсында «лениндік сенбілік» деген болушы еді. Қазіргі өтіп жүрген сенбіліктер сол бастаманың жұрнағы ма деймін. Осы үрдіс ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, апталық, айлық көріктендіру және көгеріштендіру, абаттандыру айлықтарына ұласып, жақсы дәстүрге айналып отыр. Енді бұл бастама Ұлыстың Ұлы Күні саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында қарттарымыздың: «Артыңда мал қалмасын –тал қалсын», «Бір тал кессең – он тал ек» деген аталы сөзімен ғана емес, жалпы бұқара халықтың нақтылы ісімен көріне бастады.
Наурыз мейрамы алдында Құлан ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Берік Әліпбаевтың ұйытқы болуымен және ауыл әкімі Мұрат Иманбаевтың қолдауымен қарттар орталықтағы «Ардагерлер Үйін» абаттандыруға шықты.Олар бұл күні қолдарына күрек алып, өздері күнде демалатын саябаққа арша отырғызды. Ардагерлер Ілес Бекебаев, Райзо Шәділбеков, Санат Қырықбаев, Шәмшіхан Ысқақов тағы да басқа зейнеткерлер көппен бірге келіп көгеріштендіру ісіне атсалысты. Бұл күні «Жасыл Құлан» мекемесінің қызметшілері де сенбілікке қатысып, 40 түптен астам шырша отырғызды.

С.Қожеке.
Суретте: ардагерлер саябақта көшет отырғызуда.

Поделиться ссылкой: