Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жуырда облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров ауданға арнайы іссапармен келді. Ондағы мақсаты – аудан аумағында қауіпті дертке қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу болатын. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тұрғындар көп шоғырланатын нысандарда болып, ондағы санитарлық-тазалық жұмыстарының жүргізілу сапасына аса қатты мән берді.
Қазіргі таңда облыс аумағында қауіпті дертке қарсы ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысының кіре берістерінде төрт блок-бекеттері орнатылған. Олар Қордай, Мойынқұм, Сарысу және Жуалы аудандарында қойылды. Блок-бекеттерді орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу. Одан бөлек облыста тұрғындар көп жүретін жерлер мен нысандар тікелей бақылауға алынған. Белгіленген уақыт аралығында оларды дезинфекциялау жұмыстары да қарқынды түрде іске асырылуда. Осыған қарамастан, жаһанды жайлаған қауіпті дертті жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Өкінішке орай оның біреуі күні кеше Жамбыл облысында да тіркелді.
Көршілес жатқан Қытай елінен тараған вируспен күрес ендігі кезекте мықтап қолға алынбақ. Осыны ескерген аймақ басшысының орынбасары ең алдыменен өз іссапарын Луговой теміржол бекетінен бастады. Нұржан Сәбитұлы күніне 200-дей жолаушыға қызмет көрсететін бекетте санитарлық-тазалау жұмыстарының жүргізілуін, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жауапты мамандарға тапсырды. Одан кейін облыс әкімінің орынбасары азаматтарға үкіметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен де танысты. Орталық басшыларына онда келетін тұрғындардың санын азайтып, оларға сапалы әрі жылдам қызмет көрсету керектігін айтты. Тұрғындарды аудан орталығына келгізбей-ақ, ауылдық округтердегі цифрландырылған орталықтарды тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, орталық бұрыштарына антисептикалық құрылғылардың көптеп қойылуына, оның сапасына көп мән беру керектігін ескертті.
Аймақтың индустриалды-инновациялық дамуына, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм, еңбекті қорғау салаларына жетекшілік жасайтын Нұржан Календеров аудандағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысуды да ұмыт қалдырған жоқ. Іссапар барысында «Алтын сарай» сауда орталығына кіріп, ондағы азық-түліктердің сапасымен, баға тұрақтылығымен танысты. Одан бөлек сауда орталығының басшыларымен пікір алмасып, азық-түліктердің жеткілікті екендігіне көз жеткізді. Бұл бағытта аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың бастамасымен ауылшаруашылығы бөлімі айтарлықтай жұмыстар атқарған. Атап айтар болсақ, аудандағы ауылшаруашылығына қатысты кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, қос тарап бағаны негізсіз көтермеуге, тұрғындар көп тұтынатын тауарлардың уақытылы жеткізілуіне, оның сапалы болуына уағдаласқан. Мәселен, дәл қазір жеңілдетілген бағамен 28 тонна қант әкелініп, «Қаракөз», «Аяжан», «Ақ босаға», «Ару» сынды ірі сауда орталықтарында сатылуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда ауданда азық-түлік қоры жасақталған. Нақты атап өтер болсақ, 50 тонна ұн, 15 тонна макарон өнімдері, 4 тонна тауық еті, 15 тонна сәбіз, 10 тонна пияз арнайы қоймаларда сақтаулы тұр. Аталмыш мәліметтерді Нұржан Сәбитұлына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалыбаев пен ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов мәлімдеді. Ал аудан әкімі Ерболат Садырқұлов облыс әкімінің орынбасарына жалпы аудан бойынша 526 нысан бақылауға алынғанын, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, антисептикалық құралдардың қолжетімді болуы үшін бірқатар бастамалар қолға алынғанын, халық көп баратын қоғамдық орындар мен нысандарды дезинфекциялау жұмыстары жоспарға сай атқарылып жатқанын толықтай баяндап берді.
Аудан басшыларының мәліметтерін зер салып тыңдаған облыс әкімінің орынбасары қауіпті дертпен күресу барысында әр азамат өз ісіне жауапты болу керектігін айтып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.