Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Тараз қаласындағы барлық аялдамаларда күн сайын төрт мамандандырылған ұйым дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша 42 адамнан тұратын 18 бригада құрылған десек, олар 12 бірлік техниканың көмегімен күніне екі рет 513 жолаушы көлігі аялдамасын дезинфекциялайды.
Жалпы, өңірде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту бағытында 1154 нысан бойынша рейдтер жүргізілген. Оның 361-і қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатқан білім беру және спорт мекемелері.
Жұмыс істеп тұрған барлық кафе, мейрамхана, қонақ үй, денсаулық сақтау ұйымдары, діни мекемелер, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендерде дезинфекциялық іс-шаралар өткізіліп, түсіндіру ақпараты бар стендтер мен антисептиктер орнатылған.
Адамдар жаппай жиналатын соттар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, полиция бөлімдері, уақытша ұстау изоляторы және қабылдау-тарату орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылған.
«Ауыл Береке», «Орталық Базар», «Диана», «Қайқармет», «Жібек жолы» секілді ірі базарларында және «MART», «Small» сауда кешендеріндегі осы бағыттағы жұмыстарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бесінші бригадасының 200-ге жуық жауынгері тартылған.
Тараз қаласындағы 10 дәріханада күн сайын 30 мың медициналық маскалар сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен төрт мыңнан астам медициналық бетперде дайындалып, көп балалы аналарға тегін таратылуда.
Осы секілді жұмыстар облыстың барлық аудандарында қолға алынған.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.