Бердібек Сапарбаев: «Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет»

545 Views

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штабтың кезекті отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары сараланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың ай­туын­ша, өңірде «COVID-19» вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тір­келген 3 жағдаймен қалып отыр.
Баяндамашы құқық қорғау орган­дарынан азаматтардың дәрігерлердің заңды талаптарына бағынбауына қа­тысты мәселелерді шешуге атсалысуын сұ­ранды. Мұндай оқиға Қордай ауда­нын­да орын алған. Ондағы тұрғын тек ұзақ әңгімелесуден кейін ғана ауру­­ханаға бару­ға көніп, қажетті тал­дау­ларды тапсырған. Талдау нәтижесі теріс болып шық­қан, егер жағдай басқаша болғанда, онда мәселе тіпті күрделене түсуі мүмкін еді.
Штаб басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жайтқа бей-жай қарамай, облыстық поли­ция департаменті бастығының орын­басары Темірбек Оразымбетовке нақты тапсырмалар жүктеді. Өзіне де, айна­ла­сындағыларға да қауіп төндірген, төтенше жағдай режимін бұзған адам­дарға қатысты заңды жазалау шара­ларын қолданудың маңыздылығын баса айтты.
Бұл тапсырма Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебековке де қатысты болып шықты. Аталған ауданға қарас­ты ауыл тұрғыны көкпардан жарыс өткізбек болғандығы анықталып, уа­қыт­ша ұстау изоляторына жеті күнге қа­маққа алынды.
Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін ат­қарушы Жандәулет Кенжебековтің азық-түлік тауарларының бағасын ұс­тап тұру жөніндегі жұмыстарының нәти­жесіздігін облыс басшысы сынға алды.
— Бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – баға тұрақсыздығы. Сіз өзіңіз екі апта ішінде негізгі азық-түлік тауарларының құнының не себепті өсіп отырғанына талдау жүргізіп көрдіңізбе? Бағаның өсуі көптеген сауда желілерінде байқалуда. Басқа өнімдер туралы айтпағаннын өзінде, ең болмағанда тұз бағасын ұстап тұра алмаймыз. Құрылған мобильдік топтардың жұмысы сәтсіз жүргізілді, — деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы өзінің орынбасары Нұржан Календеровке прокуратура және монополияға қарсы қызмет қыз­меткерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу себебін тексеруді тапсырды. Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов 25 блок бекеттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша қаржы бөлуді өтінді. Ол қаржы тепловизор алу, бетон блоктар және жол белгілерін орнату мен жарықтандыру үшін қажет.
Облыс әкімінің орынбасары Ер­жан Жылқыбаев 5 ауданда бет­пер­де дайындайтын шеберханалар ұйым­дастырылғанын, бүгінде оларда 17,8 мың бірлік бетперде тігілгенін хабар­лады. Әйтсе де бұл жеткіліксіз болып отыр.
Өкінішке қарай, тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз. Бұл құрылғылар коронавирусты жұқтырған 3 жамбылдықтың температурасының жоғарылауын көрсете алмаған. Сон­дықтан да сәуір айының басынан бас­тап науқасқа дәл диагноз қоя алатын қытай­лық шұғыл-тесттер қолданыла бастайды.
Бердібек Сапарбаев коронавирусқа байланысты енгізіліп жатқан шектеу шаралары азаматтардың табыстары мен экономикаға кері әсер етіп жатқанын атап өтті. Әйтсе де, бұл бағытта мем­лекет тарапынан қолдау мен көмек көр­сетілуде. Сондықтан да жергілікті атқарушы органдар, мұқтаж адамдарға қаржы беру үшін қажетті құжаттарды шұғыл рәсімдеуге көмектесу керек.
– Біздің басты міндетіміз – күннен-күнге өршіп келе жатқан жұқпалы ауруды ауыздықтау, өзіміздің азамат­тардың денсаулығын барынша қорғау. Біз мұндай жағдайда жұмыс орындарын сақтап, бағаның шарықтауына жол бермеуге тиіспіз. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым адамдардың өмірінде қалыптасып отырған қиындықтарды барынша еңсеруіміз керек. Облыс тұрғындарынан бұл мәселеге барын­ша жауапкершілікпен қарап, қолға алынып жатқан шектеулер мен шара­ларға түсіністік танытуды сұраймын. Олар сіздердің және сіздердің жақын­дарыңызды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінде осындай күрделі жағдайда қолға алынып жатқан барлық шара­лар сіздер түсіністік танытқан және қолдаған жағдайда ғана тиісті нәти­же­сін береді. Егер мемлекет, қоғам, азамат­тар бірлесіп әрекет жасайтын болса, бұл қиындықты да еңсереміз. Демек, бүгін­де Сіздерге көп нәрсе байланысты. Біз көмек және қолдауға мұқтаж жақын­дары­мыз бен айналамыздағылар үшін жа­уап­ты екенімізді барынша түсіну ке­рек­піз.
Билік осындай қиын сәттерде өзі­нің шұғыл және дәл шешімдер қабыл­дай алатынын, азаматтарға нақты кө­мек қолын соза алатынын көрсетуі тиіс. Аудан әкімдеріне көп нәрсе бай­ла­нысты, олар аз ұйықтап, бар күш-жігер­лерімен жұмыс жасаулары қажет, – дей келе Бердібек Сапарбаев штаб отыры­сын қорытындылады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: