ТУҒАН ЖЕРІҢЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

697 Views

Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында Қазақ «Туған жерге туыңды тік» — деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт – дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», — деп атап көрсеткен.
Бірлес шағын орталықты орта мек­тебіне ауылымыздың азаматы Жам­был облысы ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры, профессор, академик Сейтхан Жошыбаев демеу­шілік көмек көрсетті. Ол өз қаражатынан бір жарым миллион теңге жұмсап, мектептің су өтіп, бүгінгі күнде күн өтіп құрғап, шіріп құлауға шақ қалған карниздерін ақ сайдингпен қаптатып, жөндетіп берді. Осы жұмыстың басы қасында інісі Рәтбек Жошыбаев жүрді. Сәлімбай ауылының тұрғындарының атынан және де мектеп ұжымы атынан айтар алғысымыз шексіз.

Б.Қиялбеков,
Бірлес шағын орталықты орта мектебінің директоры.

Поделиться ссылкой: