Отырардан шыққан ұлы ғұлама

1 120 Views

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және бас­қа да көптеген ұлы тұлғалар шоғы­рын дүниеге әкелді», -дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, олар­дың өнегелі өмірі мен артына қал­дыр­ған құнды еңбектерін елге, әсіресе, жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды тапсырған болатын .
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілік пен ізгілікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Оларды данышпан- ойшылдардың еңбектерінен ғана кездестіруге болады. Сондай құнды мұралардың иесі, қазақ топырағынан шыққан, жан жақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол – парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым салаларын қамтитын 150-ге тарта трактаттар жазған .

Толғанай Берденова,
Б.Момышұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: