Ең бастысы бірлігіміз бекем болсыншы…

584 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында әлемді жайлаған коронавирус індеті мен аурудың алдын алу қарекетін және әлемдік нарықтағы шикізат өнімдерінің экономикалық тұрғыда құлдырауын жіктеп, саралап, айшықты мысалдармен жазған екен.
Расымен де, мысал ретінде қарайықшы, көршілес елдердегі жағдай қандай, Қазақстанда қалай? Салыстырмалы түрде байқасақ, біздің елдің әлеуметтік тұрмыс деңгейінде ілгерілеу бар. Орта Азия елдері ішінде Қазақстанның көш бастап тұрғанын әлемдік қауымдастықта жақсы біледі. Бұл әрине мемлекетімізді қуатты елдердің қатарына қосқан Тұңғыш Президенттің арқасы. Қазақстан – кез келген жаһандық сын-қатерлердің алдын болжап, соған төтеп берудің жолын ойлайтын іргелі мемлекет.
Біз, Тәуелсіздік алған осынау жылдар аралығында президенттік басқару жүйесі арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бұған ешкімнің де күмәні болмауға тиіс. Естеріңізде болса, Азаттығымыздың 25 жылдығына арналған бәсірелі жиында Елбасы Тәуелсіз Қазақстан бағындырған белестерді мақтанышпен айтқан болатын. Бұл – 29 жыл ішінде бағындырған жетістік қана. Қазақ елінің болашағы жарқын. Яғни, еліміздің дамушы мемлекет екенін ескеретін болсақ, алдағы жылдар еншісінде бұдан да асқақ шыңдарға жететінімізге сенімім кәміл. Елдің дамуы алға қарай қадам бассын десек, мемлекеттің тізгінін ұстаған азаматтармен бірге болуға тиіспіз. Сонда ғана Мәңгілік елдің мұраты айқындала түспек. Біз біргеміз.

Марат Диханбай,
журналист.

Поделиться ссылкой: