ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛЕДІ

610 Views

9 сәуірден бастап Жамбыл облы­сын­да карантин режимі енгізіледі. Периметрі және облыс аумағы бойын­ша 27 блок-бекет орнатылды, оның ішінде, Тараз қаласында 7 блок-бекет қойылған. Оларда полиция, медицина және әскери қызметшілер қызмет атқаруда.
Осы орайда, 2020 жылғы 9 сәуір сағат 00:00-ден бастап Жамбыл об­лы­­сының аумағында және облыс­тың барлық елді мекендерінен кез-келген автокөлік құралдарының және азаматтардың келуіне және шығуы­на тыйым салынады. Төмендегі жағ­дай­лардан басқа:
— медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маман­дары, авариялық-құтқару және коммунал­дық қызметкерлер, құқық қорғау органдары;
— фармацевтикалық компания­лар­дың, қызметтік және жеке автокө­лік­терде отбасы мүшелері және бө­тен тұл­ғаларсыз медициналық мекеме­лер­дің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін зертханалардың қызметкерлері мен мамандары:
— көктемгі егіс және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тұлғалар мен автокөлік құралдары;
— жерлеу рәсімі кезінде мәйітті таситын 3 бірлік көліктен аспайтын жә­не салт-жоралғыларды атқару қыз­меткерлері мен марқұмның жақын­дарын қосқанда 10 адамнан көп емес тұлғалар, тиісті анықтама құжаттары болған жағдайда:
— тұрғылықты жеріне оралу үшін ке­летін/кететін адамдар және медици­налық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін тұлғалар;
— жеке тұлғалар мен автокөлік құ­рал­дары, жедел штабтың шешіміне сәйкес (жедел Штаб рұқсат беру тәрті­бін анықтайды);
— Тараз қаласынан шыққан жағдайда медициналық картадан үзінді көшір­ме бойынша карантиндік оқшаулау­дан өткен басқа өңірлердің тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары.
Қоғамдық көліктердің қозғалысы келісілген кестеге сәйкес шектеледі (07:00-ден 10:00, 12:00-ден 15:00, 17:00-ден 20:00-ге дейін). Оларға жеке қор­ға­ныш заттарымен қамтамасыз етіл­ген жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Такси қызметі арнайы тіркелген ұйымдармен, тиісті материалдық техни­калық санитарлық гигиеналық жағ­даймен қамтамасыз етілген автокөлік құралдарында ғана көрсетіледі.
Жанармай құю станциялары, қар­жы институттары, банктер, банктік айырбастау пункттерінің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Келесі жағдайларды қоспағанда, Жамбыл облысының аумағында адам­дардың және жеке көліктің еркін жү­ріп-тұруына тыйым салынады:
— азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
— медициналық көмекке жүгіну;
— үй жануарларын тіркеу деректері бойынша тұрғылықты мекенжайы маңында серуендеу, оның өзінде уақытша, 30 минуттан аспау керек;
— мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік және өзге де мекемелерге бару;
— күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда;
— көктемгі егіс және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін (ауылдық жерлерде).
Бұл ретте бір отбасы мүшелерінен басқа, кәмелетке толмағандарға ере­сектердің еріп жүруінсіз, сондай-ақ же­ке қорғану құралдарын пайдалан­бай, оның ішінде көлік құралдарын бас­қару кезінде 3 адамнан артық (қоғамдық тасымалдауды қоспағанда) отырғызуға және жүріп-тұруына тыйым салы­на­ды;
Әкімдіктерге жалғызілікті қарт адамдарды, мүгедектерді қолдау қыз­метін ұйымдастыру тапсырылды.
Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханалар­ды, ветеринариялық дәріханаларды, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған автобөлшектерді сату, ауыл шаруашылығы жануарларына арнал­ған жем-шөптерді өткізу орындарын қоспағанда, сауда-ойын-сауық орта­лықтарының, базарлардың, азық-түлік емес тауарлардың барлық сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салон­дарының, гүл павильондарының қыз­меті тоқтатылды.
Дөңгелек жөндеу үшін жеке тұр­ған бокстарды (екіден артық емес), «Қазпочта» АҚ бөлімшелерін, Қонақ үйлерді қоспағанда, барлық қызмет түрлерін көрсету нүктелерінің қызметі тоқтатылады.
Қоғамдық тамақтандыру нысан­да­ры тек «тұтынушыларға жеткізіп беру» қағидаты бойынша жұмыста­рын сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жалғастырады.
Халықтың жаппай жиналатын орын­дарына, оның ішінде жаяу серуен­деуге арналған орындарға (көше­лерге), саябақтарға, скверлерге, жаға­лау­лар­ға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына, спорт алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де дема­лыс орындарына кіруге тыйым салы­нады.
Естеріңізге сала кетейік, аймақта коронавирустың 45 жағдайы тіркел­ген, оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Делиден келген әуе рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында – бір-біреуден тіркелген.

Жамбыл облыстық баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: