Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

598 Views

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды.
Экономика және бюджеттік жос­парлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. Эко­номикалық көрсеткіштердің төмен­деуіне «Қазфосфат» ЖШС зауытындағы пештің және Тараз бен Меркі қант зауыттары жұмыстарының тоқтауы әсер еткен.
Бюджет кірісіндегі көрсеткіштер де ойдағыдай емес. Мемлекеттік кіріс­тер департаменті басшысының хабар­ла­ма­сында көрсетілгендей, жергілікті бюд­жеттің шығындары 3,195 миллиард тең­гені құрайды.
— Карантин ерте ме, кеш пе аяқ­талады. Өмір ағымы өз арнасына түседі. Сондықтан бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына кел­тіруге тырысу керек. Ең алдымен, жер­гілікті жерлердегі ахуалдың нақты көрінісіне мұқият талдау жасап алу ма­ңыз­ды. Бүгін не істеу керекпіз, ертең не істей аламыз? Шағын кәсіп пен ха­лықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағ­дарламаларды іске асыруға айрық­ша назар аудару қажет. Бұл мақсатқа Үкімет тарапынан ауқымды қаражат қа­рас­тырылуда. Оны ұтымды ұқсата білейік. Бұл орайдағы жобалар өңір экономикасына жұмыс жасап, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын «Еврохим» ЖШС, Амангелді мұнай өңдеу зауыты сияқты ірі кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізуге шақырды.
Өңірдің кейбір орта және шағын кәсіпорындарының тоқтап тұруына қатысты өзекті мәселелердің оңынан ше­­шілуіне қол жеткізу қажет. Өз ке­зегінде кәсіпорын басшылары жұ­мыс­шыларына қамқорлық жасауы тиіс. Жалақыны арттыру мәселесі де өзек­ті күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, инвестиция тарту жөніндегі жұмыс­тарды жандандыра түсу керек.
Бердібек Сапарбаев облыста ба­ла­лар және спорт алаңдарын салу үшін «Самұрық-Қазына» қорынан қаржы бөлінгенін атап өтті. Олардың құрылысы Тараз қаласының Қаратау шағын ауданында, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Қордай ауданының Масаншы ауылдарында жүргізілмек. Бұл орайда жергілікті әкімдіктер бөлінген қаражатты тиімді пайдаланғаны абзал.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға карантиндік тәртіптің талаптары мен шарттарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Сонымен қа­тар, ол жауапты тұлғалардың назарын ко­рона­вирустық инфекциямен кү­рес­те алдыңғы шептегі медицина қыз­мет­керлері, полиция және басқа да мамандар үшін тиісті жағдайлар жасау керектігіне аударды.
Жиында ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин сөз алып, екінші деңгейлі банктердің төлемдер мен жәрдемақы төлеу жұмыстарының мерзімі ұзартылуына қатысты шаралардан хабардар етті. 10 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес банктерде 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны төлеу бойынша барлығы 43835 шот ашылған. Бүгінгі таңда көптеген банктерде электрондық қызметтер қолжетімді десек, бұл орайда бөлімшелерге бармай-ақ төлем карталарын және шоттарды ашуға болатындығы айтылды.
Сондай-ақ, облыста 9 сәуірден бастап «Нұр Отан» партиясының желісі бойынша «Біз біргеміз!» қорынан 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көмекті шамамен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 8,5 мыңдай адам алады деп көзделуде.
Басқосу барысында халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселелері де қаралды.
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың басшыларына азамат­тардың өтініштерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті. Ол 109 бірыңғай диспетчерлік қыз­ме­тін облыс әкімі аппаратының қара­мағына беру туралы бастаманы қол­дады. Алдағы уақытта байланыс ор­та­лығының жұмысын күшейту жос­парлануда десек, бұл орайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аталған қызмет тәжірибесі негізге алынбақ.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: