Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

869 Views

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

23 шілде күні аудандық әкімшілік ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Ақбұлақ, Луговой, Көгершін ауылдық округі әкімдерінің аппараты, сондай-ақ, аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығынан» келген мамандар бос жұмыс орындары жайлы халықты ақпараттандырып, көпшіліктің қойған сауалдарына жауап берді.

Жәрмеңке аяқталысымен, осы тақырыпта жиын өтті. Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы Айжан Көшербаева, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ермек Тумабеков пен бас маман Фариза Төлентаева және аудан әкімі аппаратының басшысы Руслан Оразхан қатысқан жиналыста мемлекеттік қызметке орналасу, конкурстық іріктеу процесі, сынақ мерзімі мен тәлімгерлік турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға қатысқандар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

             Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: