Қарт ананы құттықтады
26 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланған болатын. Ұлт Көшбасшысы өз мақаласында басты назарды елімізге келген жаман індет коронавирус дертіне аударады. Елімізде «COVID- 19» індетімен күресуде барлық сақтық шаралары жасалынып отырғандығы баршамызға мәлім. Мемлекеттік органдар еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың денсаулығы үшін қолдан келер барлық сақтану шараларын жүргізіп, кеселдің асқынбау салдарын басты назарда ұстауда. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялануына байланысты құқық қорғау органдары күнделікті профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындардың өздері мен туыстарының қауіпсіздігі үшін үйде болулары қажет екендігін ескертіп жатыр. Сонымен қатар еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық орталықтары мемлекеттік мекемелер мен нысандарға санитарлық дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізіп, коронавирустың таралуына жол бермеу үшін облыс, аудан аумақтарында шектеу шараларын күшейтті. Бүгінде ауданда орналасқан бірқатар кәсіпорындар, қоғамдық орындар (саябақтар,аллеялар) сынды нысандар уақытша жабылды. Бұл тек қиын уақытта тұрғындарды осы бір індеттен сақтап қалу үшін жасалынып отырған әрекет деп білеміз. Бүгінде еліміздің барлық дәрігерлері осы індетпен күресуде қайсарлық танытып жатқанда, біз медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуіміз қажет деп санаймын. Осындай қиын кезде ынтымағымызды көрсетіп, сабырлық танытуымыз қажет. Бірге әрекет етсек қана, осы қауіпті дертті жеңіп шығатынымызға сенімім мол.
Өз мақаласында Елбасы еліміздегі барлық салада болып жатқан мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Әр түрлі тақырыптарды қозғап, сол мәселелер бойынша өз ойымен бөлісті. Шын мәнінде, мақалада айтылып өткен дүниелер, көш басындағы елдермен бірге ілесіп дамуымыз үшін ауадай қажет. Біздің мақсатымыз — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатымыз орындалуы үшін саяси және экономикалық тұрақтылыққа еліміз қол жеткізуі керек. Қазіргі таңда тұтас халық болып бәсекелестік қабілеттілікті арттырсақ, жаһандық нарықта өзгелерден басым түсуге болатынына зор үміт бар. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өркендеуі Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Елбасының парасаттылығы мен көрегендігінің арқасында біз әлемге өркениетті ел екендігімізді дәлелдедік. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңа мемлекет құруда бірқатар қиындықтарды бастан өткізген саңлақ саясаткер. Сол қиындықтардың барлығын біз берекелі бірлігіміздің арқасында жеңе білдік. Жай жеңіп қана қойған жоқпыз, еліміз әлемге танылып, күлі жаһан жұрты Қазақстанның қуатты мемлекет екенін мойындады. «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы гуманист Махатма Гандидің «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген әйгілі нақыл сөзін айтып өтті. Расында да, әр адамның санасына, пікіріне, үзілді-кесілді қарсы тұратындай сенімді сіңірмесек, өзгерістер жасалмаса, барлық әрекеттер нәтижесіз күреске айналуы мүмкін.
Сондай-ақ, Елбасы: «Жаңа өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді» деп жастарға зор сенімін білдірді. Жастар — елдің тірегі, болашағы, халықтың белсенді тобы. Сондықтан ел үмітін ақтап, бізден күткен нәтижелерге қол жеткізу үшін әрекеттерімізді бүгіннен бастайық. Айдай әлемге елдімізді танытар, бүгінгі қоғамды алға жетелейтін ол — біз, жастар. Барлығы да өз қолымызда. Елбасымыз атап өткендей, сондықтан ел егемендігі жолында талмай еңбек етіп, жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылайық.
Әбіләшім Мырқасымов,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Jas Otan» Жастар қанатының басшысы.