ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға бола ма?
17 ViewsЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күннен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады. ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте…
Аудан аумағында биыл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынды. Ауданның шалғай ауылдарында ауыз су мәселесі өзекті екені бұрыннан белгілі. Көпшіліктің көкейінде жүрген, ауыз су проблемасы жылдар бойы шешімін таппаған ауылдардың бірі-Өрнек ауылдық округіне қарасты Әбжапар ауылы болатын.
Биыл өзге 8 ауылмен бірге Әбжапар ауылының халқы таза ауыз сумен қамтылады. Бұл мақсатқа қаражат бөлініп, су құбыры құрылысы жұмысы басталып та кетті. Құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компания болып » ТаразИрригация»ЖШС-і танылса, авторлық қадағалаушы — » Лидер Проект Дизайн»ЖШС-і.
Қазіргі таңда ауыз су құрылысының алғашқы қадасы қағылып, елді мекенде қызу жұмыс басталды. Ауыл жұртшылығы бұл жағымды жаңалықты ерекше қуанышпен қабыл алды.
Ауыз суы үлкен даулы мәселеге айналған ауылдың өзекті проблемасы өз шешімін табатын, әр аулаға таза ауыз суы кіріп, тұрғындар пайдаланытын күн де алыс емес. Тек нәтижелі, сапалы жұмыс күтелік.
Күні кеше ғана аудан әкімі Е.Садырқұлов сала басшыларымен бірге Әбжапар ауылында болып, мердігер компания басшыларымен арнайы кездесті. Таза ауыз су құрылысын жүргізуге бөлінген қаражаттың тиімді жаратылуы мен жұмыс сапасын тиімді ұйымдастыру, жобаның сапалы атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеп,халық игілігі үшін атқарылатын жұмысқа бақылау көп болатындығын ескертті. Ауыз су құрылысын жүргізуге қатысты сала басшыларымен бірқатар шешімін табуы тиіс мәселелерді талқылады.
Айта кету керек, биыл ауданда 8 елді мекен тұрғындары үшін таза ауыз су құрылысы жүргізіліп,ауқымды жұмыс жүзеге асырылады.Тұрғындар тарапынан кездесулер мен жиындарда үнемі өзекті проблемалар қатарынан көрінген Жарлысу, Құмарық, Алғабас, Бәйтелі, Құлан ауылдарында ауыз су құрылысы мен имараттарды жаңарту жұмыстары басталып та кетті.
Бұл жұмыстарға аудан әкімдігі тарапынан бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, аудан әкімі Е.Садырқұлов қоғамдық бақылаудың рөлін арттырып, «Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері мен қоғамдық бақылаушыларды бұл істе белсенділік танытуға ұсыныс білдірді.
«Құлан таңы» ақпарат.