ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ИІРІМДЕРІ

849 Views

«Құлан-Дән» құрылтайшыларының оңды бастамасы

Елге етек жая бастаған індет кезінде ауданымыздағы «Құлан-Дән» несие се­ріктестігінің құрылтайшылары оңды бас­тама көтеріп, «Мейірім» қоры арқылы ау­данымыздың он бес аймағында тұратын 210 мұқтажға зәру отбасының әр­қайсысына 12400 теңге көлемінде халық тұтынатын күнделікті азық-түлік па­кетін таратты. Осы игі шараның басы-қасына серіктестіктің байырғы құ­рылтайшылары келіп, ауылдарға баратын азық-түлік тауарларын өз қол­дарымен жөнелтуге атсалысты. Олардың ішінде Сырғатай Махамбетов, Санат Қырықбаев, Бейсембай Таңбаев сын­ды байырғы құрылтайшылар бол­ды. Біз қайырымдылық шарасын ұйым­дастырып жүрген «Құлан-Дән» несие серіктестігінің бас директоры Рах­маналы Әбдіқадырұлын әңгімеге тарт­тық, ол өз сөзінде: — Бұл өзі көптен бері көкейде жүрген қайырымды іс еді. Құрылтайшылармен кеңесе келіп бар­лығы 3 миллион 100 теңгенің азық-түлік пакетін құрылтайшылардың ди­виденттері есебінен осы 210 отбасына бе­руді ұйғардық. Дәлірек айтқанда, көмекке зәру деген әр отбасына жалпы құны 12400 теңгені құрайтын елу келі ұн, бес келі вермишель, 20 келі шекер, төрт литр өсімдік майы және шәй бердік. Біздің аудан халқына 2 миллион 700 мың теңгенің осындай қайырымдылық кө­мегін жібердік. Сонымен қатар, Байзақ ау­данындағы 40 отбасына да осындай па­кет жіберілді, — дейді Р.Әбдіқадырұлы.
Иә, 425 құрылтайшысы бар се­рік­тестік осыған дейін өз құрыл­тай­шы­ларына 3 миллиард 500 миллион тең­ге көлемінде несие үлестіріпті. Қа­зір серіктестіктің қоржынында 1 миллиард 800 миллион теңге қара­жат бар. Осынау банк ұжымы ауыл ша­руашылығы еңбеккерлеріне ақшалай қол­дау көрсетіп келеді. Соның арқа­сында шаруагерлер өздеріне жаңа тех­ника алып, тірліктерін алға бас­тыруда. Ал, мынау қайырымдылық шарасын құрылтайшылардың үлкен жомарт­тығының белгісі деп түсіну керек.
Шараға аудандық «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен Құлан ауылдық округі әкім­дігінің қызметшілері келді. Одан соң машиналарға тиелген азық-түлік ауыл­дарға жол тартты. Біз Құлан ауылын­дағы Ақылбек Исаев көшесінде пә­тер жалдап тұратын төрт баланың анасы Назгүл Әлімбекованың үйіне кел­дік. Сөйтіп, қайырымдылық пакетін та­­быс еттік.

С.Қожеке.
Суретте: Құлан ауылы әкімінің орынбасары С.Баймұратов пен «Құ­лан-Дән» несие серіктестігінің төр­ағасы Р.Әбді­қадыров және басқарма мүшесі Р.Әділбеков Құлан ауылының тұр­ғыны Назгүл Әлімбековаға қайы­рым­дылық пакетін табыс етуде.

 

Поделиться ссылкой: