Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Қазақстан Үкіметінің республикадағы балабақша жетіспеушілігін жекеменшік балабақшалар арқылы қамту туралы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы Құлан ауылынан «Қазақстан Республикасының құрмет құрылысшысы» төс белгісінің иегері, Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер (марқұм) Қонысбай Оразханұлы 100 орындық «Аяна» балабақшасын ашып, пайдалануға берген еді.
Биыл балабақшамыздың ашылғанына 5 жыл толды. Осы жылдар ішінде біз көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Атап айтсақ, «Ең үздік балабақша», «Алғысым шексіз» фистивалінде бас жүлде, «Жыл тәрбиешісі», «Ғұмырдария» республикалық байқауларында және де тәрбиешілер мен тәрбиленушілердің қатысуымен өтетін облыстық байқаулардың жеңімпазы атандық.
Сонымен, «Аяна» беске келді. Бүгінгі балаларды қорғау күніне орай бөбекжайымыздың, жалпы барлық ата-аналарды, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтаймын.
Мәншүк Жұмаханова,
«Аяна и Б» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.