ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға бола ма?
17 ViewsЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күннен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады. ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте…
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылданды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында биылғы жылы ауданымызда жалпы 76 жоба бойынша ашылатын жұмыс орны — 1082. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 551 жергілікті азамат жұмысқа жолданады. Бүгінгі таңда аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов, №1 мектеп-лицейі мен Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Жарлысу, Бәйтелі ауылдарына ауыз су тарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда 389 азамат осы нысандарға жолданды. Оның 191-і 29 жасқа дейінгі жастар.
Халықты жұмыспен қамту орталығы.