Нәтижелі жұмыспен қамту жемісін беруде

541 Views

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бүгінде бұқараның ыстық ықыласына ие болған жемісті жоба деп айтар едім. Ол елдегі жұмыссыздықты жою мақсатында іске асырылып келе жатқан бірден бір бағдарлама. Оның басты мақсаты — халықты еңбекпен қамтып, табысын молайтуға оңтайлы жағдай жасау. Бағдарламаның жеке кәсіп ашуға ниетті адамдар үшін ұтымды тұстары көп. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті мүлт жібермей, оны өздерінің кәсібіне пайдаланып жүрген азаматтарымыз да баршылық.
Биылғы жылдың 1 маусымына бағдарламаның техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар 50 азаматты қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберу жоспарланса, қазір 14 азамат осы курстарда оқып жүр. Қалған азаматтар маусым айынан бастап оқу курстарына келеді. Бағдарламаның жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тигізер әсері мол. Оның екінші бағыты шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 10 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Сондай-ақ, 83 азаматқа 278,6 миллион теңге көлемінде шағын несие бөлінді.
Бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға бағытталған үшінші бағдары аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жеке, дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына 62 азамат жолданды. Мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындарға 43 жас азамат жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді. Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмысқа 488 азамат әртүрлі құжаттарды ресімдеу, реттеу және санитарлық тазалық жұмыстарына жолдама алды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда 76 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы басталған жобаларға жұмыспен қамту орталығы арқылы 409 азамат жұмысқа тартылды. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған басқа жобалардан артықшылықтары көп екені айтпаса да түсінікті. Өйткені, ол жұмыстың нәтижелілігіне қол жеткізеді.

Е.Алшабаев,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту секторының бас маманы.

Поделиться ссылкой: