«Дипломмен ауылға» бағдарламасы іс жүзінде

582 Views

Қолда бар мәліметке сүйенсек, аудандық орталық ауруханаға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2017-2020 жылдар аралығында барлығы 33 жас маман жұмысқа орналасқан екен. 2017 жылы жұмысқа орналасқандар саны – 7, оның ішінде облыстық бюджеттен (800,0 мың теңге) көтерме ақы алғаны – 7, 100 пайыз. Республикалық бюджеттен (70 МРП немесе 150,0 мың теңге) – 6, 86,0 пайыз алып, 1-еуі алмаған, себебі миграциялық анықтамасы жоқ болғандықтан құжаттары толық болмаған. 2018 жылы жұмысқа орналасқандар саны – 16, оның ішінде облыстық бюджеттен (800,0 мың теңге) көтерме ақы алғаны- 16, 100 пайыз. Республикалық бюджеттен (70 МРП немесе 176 750,0 теңге) – 15, 94,0 пайыз. 1 жас маманның миграциялық анықтамасы болмағандықтан құжаттары қабылданбаған. Ал тұрғын үй алуға (3млн 400,0 мың теңге) құжаттарын тапсырып кезекте тұрғандар саны — 8. Оған қосымша бүгінгі күнге тұрғын үй несиесін алуға жас мамандардан құжаттарын дайындап жатқандар саны — 4. 2019 жылы 12 жас маман жұмысқа орналасқан, оның ішінде 3-еуі өз еріктерімен жұмыстан босап кеткен. Облыстық бюджеттен (800,0 мың теңге) алғаны — 10. Республикалық бюджеттен (100 МРП немесе 252,0 мың теңге) әлеуметтік көмек алғандар саны – 7, 77,8 пайыз алған. Ал тұрғын үй алуға (3млн 400,0 мың теңге) құжаттарын тапсырғандар саны- 4, 44,4 пайыз. 2020 жылы 1 жас маман жұмысқа орналасқан. Облыстық бюджеттен (800,0 мың теңге) алған.

Поделиться ссылкой: