23 маусым – полиция қызметкерлері күні!

630 Views

Әрқашан қырағы күзетте

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен 2020 жылдың 5 айында аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, қоғамдық қа­уіп­сіздік пен жол қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету мақсатында кешенді іс-ша­ра­лар ұйымдастырылып оты­рады. Осы аталған мерзім ішінде ау­дан ау­ма­ғында «Құқықтық тәртіп», «Ав­то­бус», «Қашар», «Уылдырық», «Бо­рышкер-2020», «Жолда қабылдау», «До­­пинг», «Мал ұрлығы», «Қару», «Қа­уіп­сіз жол» және басқа да жедел алдын-алу іс-шаралары өткізіліп, қылмыс пен құ­қық бұзушылықтардың жолы кесілді. 2020 жылдың 5 айында жүргізілген ал­дын-алу жұмыстарының нәтижесінде аудан аумағында жалпы — 78 ( 2019 ж. 103 ) қылмыстық құқық бұзушылықтар тір­келіп, жалпы қылмыс — 24,3 пайызға тө­мендеді. Ашылуы 73,1 немесе 57 (2019 ж. 76,4 немесе 81)
2020 жылдың 25-28 қаңтары мен 13-15 сәуір аралығында «Борышкер » же­дел алдын-алу іс- шарасы өткізілді. Ха­лық көп шоғырланған көпшілік орындарда (базар,банк, пошта, ха­лық­қа қызмет көрсету орталығы т.б.) айыппұлдарды уақтылы төлеуге байла­нысты жарнамалық түсіндірме парақ­шалары 153 жерге ілінді. Аудан аума­ғын­да осы уақыт аралығында 983 (2019 ж. 1471) әкімшілік іс анықталды оның ішінде: сот органдарына 281 әкімшілік іс жолданды. Оның 15-і әкімшілік қа­маққа алынса, төртеуі автокөлікті жүргізу құқығынан айырылды. 390 аза­матқа әкімшілік іс бойынша 6 миллион 373 мың теңге айыппұл салы­нып, оның ішіндегі 207 әкімшілік іс бойынша 3 млн.553.832 мың теңге айып­пұл өндіріліп алынды. Сот орын­даушыларға мәжбүрлеп өндіруге жол­данғандар 22 әкімшілік іс 277,800 тең­гені өндіруге жолданды. Оның ішінде 9 әкімшілік іс бойынша 89,452 тең­гесі өндірілді. Учаскелік полиция инс­пекторлары қызмет көрсететін әкімшілік аймақтарда қылмыстың алдын-алу, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында үнемі жоспарлы жұмыстар жүр­гізіп отырады. 5 ай ішінде 621 (2019 ж 789) арыз- шағым қаралып, заң тала­бына сай процессуалдық шешім қа­былданды. Осы уақыт аралығында заң­сыз есірткі сақтау бойынша 5 қыл­мыстық іс анықталды. Учаскелік поли­ция инспекторлары жалпы 983 әкім­шілік құқық бұзушылықты анықтады.
Бөлім қызметкерлері пандемияға бай­ланысты қоғамдық орындардағы қырағылығын бұрынғыдан да арттыра түсті. Бөлімде өздерінің адал да мінсіз қызметімен көзге түсіп жүргендер бар­шылық. Олардың қатарына учаскелік по­лиция инспекторлары Айдын Ма­мытбеков пен Дулат Шырынбаевты, же­дел уәкілдер Дәурен Арыстанбек пен Руслан Төленбетовты, тергеушілер Дар­хан Кушанов пен Нұрсейіт Метер­құловты, патрульдік полиция инс­пекторы Береке Темірәліні, жасы кә­мелетке толмағандар ісі бөлімінен Медеу Әдеп­байды жатқызуға болады.
Бүгінгі полиция қызметкерлерінің күні мен барлық қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтаймын! Олардың отбасына тыныштық, қызметіне табыс тілеймін.

Қайрат Қапаров,
аудандық полиция
бөлімінің бастығы,
полицияның полковнигі.

Поделиться ссылкой: