Мерекелік құттықтаулар

868 Views

Құрметті, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері!
Қымбатты, полиция органының ардагерлері!

Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық әрқашан бағалайды.
Тәртіп сақшыларына артылған сенім жүгін үлкен жауапкершілікпен орындап, халыққа қалтқысыз қызмет атқарып келесіздер.Әсіресе елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеулер орын алған сәттерде полиция қызметкерлерінің еңбегі зор болды. Тәулік бойы халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынбай еңбек атқарып, ел алғысына бөлендіңіздер!Баршаңызға кәсіби шыңдалу, толағай табыс, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Құрметті, полиция қызметкерлері!
Қазақстан полициясының тарихы 1992 жылғы 23 маусымнан басталады. Полицияның қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтар қауіпсіздігі мен құқығын қорғаудағы еңбегі ерекше.Біздің ауданның ішкі істер саласының қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапкершілік пен міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Жергілікті атқарушы органдар тарапынан саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Жыл сайын учаскелік полиция қызметкерлеріне қоғамдық қызмет есебінен көмекшілері бөлінеді. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік бөлмелермен қамтамасыз етілген.
Құрметті, сала қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1992 жылы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, ол полицияның міндеттері мен функциялық қызметтерін айқындайтын алғашқы құқықтық құжат ретінде тарихқа енді. 2007 жылы 23 маусым Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан полициясы күні болып бекітілді. Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын еске алатын күн десек, артық айтқандық емес.
Ішкі істер органдары – еліміздің ең ірі, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.Сала ардагерлеріне, қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым халықтың алғысы зор.Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдеміз.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілейміз! Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын! Тәртіп пен заңдылықты сақтау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Т.Рысқұлов ауданы әкімі                                                                                Е.САДЫРҚҰЛОВ.
Аудандық мәслихат хатшысы                                                                        Т.ЖАМАНБАЕВ.

Поделиться ссылкой: