Карантин кезінде бекетте болды

522 Views

Облыс аумағында індетке бай­ла­ныс­ты карантин жарияланып, оның аяқ­талғанына көп те бола қойған жоқ. Төтенше жағдай кезінде аудан ау­ма­ғында үш блок-пост жұмыс істеді. Олар­­дың әрқайсысында бір-бірден мед­бике, денсаулық сақтау бөлімінің ма­маны және төрт-төрттен полиция қыз­меткерлері күн-түн демей екі айға жуық кезекшілікте тұрды. Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Досмұхамед Жанасов №2 бекетке жауапты болды. Ол: -Төтенше жағдай бәріміздің ұйқымызды шәйдай ашты. Өйткені бұл кезде пандемия жайлы ақпарат бүкіл әлем халқын бей­маза күйге түсірген еді. Мен блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған қыз­меткерлердің қажеттерін түгендеп, олар­дың қыз­меттерін қалғымай атқа­руы үшін бар­лық жағдай туғызуға тырыстым. Поли­ция қызметкерлері негізінен авто­көлік­терді тексерді. Ал, медиктер тепло­вейзерлер арқылы адамдардың індетке шалдыққан-шалдықпағанын анықтау үшін өз міндеттерін мінсіз атқарды. Карантин кезінде біздің ауданнан дертке шалдыққан бірде бір адам болған жоқ.
Көгершін бекетінде полиция майоры Әзірет Белгібаев пен лейтенант Әлі­шер Әділбеков, Луговой ауылы бұрылысында полиция капитаны аға автоинспектор Әділжан Дәлібаев пен аға лейтенант Дархан Кішкентаев, Сәбденов ауылы бұрылысындағы бекетте полиция майоры Нұрлан Тұрарбек пен капитан Нұржан Садырбеков өздеріне жүктелген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Сондықтан болар төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзушылық болған жоқ,- дейді Д.Жанасов.
Иә, ол кезде тәжтажалдың аузына іліккендер аз еді. Карантин аяқталғаннан соң жұрт жайбарақаттыққа салынып алғаннан соң ба біздің ауданымыздан да эпидемияға шалдыққан тұрғындар пайда болды. «Сақтықта – қорлық жоқ» деген сөзді жұрт өзі айтады да, өздері сол сақтықты сақтамайтыны өкінішті-ақ. Көшеге шығып, көптің маскасыз жүргенін көріп қынжыласыз. Дегенмен, карантин кезінде өз міндеттерін мінсіз атқарған, жоғарыда аты аталған полиция қызметкерлерін бүгінгі төл мерекелерімен құттықтасақ болады.

С.Қожеке.
Суреттерде: полиция майоры, жер­­гілікті полиция қызметінің бас­ты­ғы Досмұхамед Жанасов, полиция ма­йоры Нұржан Тұрарбек және поли­ция майоры Серік Сиқымбаев; каран­тин кезіндегі блок-постта;

Поделиться ссылкой: