ЖауапкершіліК жүгін – арқалаған жан

470 Views

Қарақыстақ ауылдық округінің әкімшілігінде жетекші маман болып жұмыс істейтін Баятанова Гүлмира Маршалқызы көп балалы ана. Ол 5 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп отырған «Күміс алқа» иегері. Кеше кейіпкерімізбен ұялы телефон арқылы сөйлестік. Ол: «Мен алғашында ақылы қоғамдық жұмыс арқылы еңбекке араластым. 2009-2013 жылдары аралығында ауыл әкімшілігінде келісім-шартпен статист маман болып жұмысқа орналастым. Сөйтіп, мемлекеттік қызметте 2016 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қазіргі таңда Қарақыстақ ауылдық округінде жетекші маман болып еңбек етудемін» дейді.
«Мемлекеттік қызметтегі ең алдымен ескерілуге тиісті негізгі қағида не?» деп сұрағанымызда, ол:
– Дәл осы сұрағыңыз заманында алаш арысы Смағұл Сәдуақасовқа да қойылған екен. Ол бұл сауалға «Мемлекеттік қызметте ең әуелі нені ескеру керек? Мемлекеттік қызметке алынған кадрдың ең бірінші кезекте жергілікті ұлтқа жаны ашитындығы не болмаса жаны ашымайтындығы мықтап ескерілуі тиіс. Өйткені, ұлтқа жаны ашымаған адамның мемлекетке жаны ашиды дегенге өз басым ат басындай алтын берсе де сенбеймін» деп жауап қайырған екен. Мен Смағұл Сәдуақасовтың осы сөзін өмірде ғана емес, мемлекеттік қызметтегі басты ұстанымым деп санаймын,- деді кейіпкеріміз. Иә, осындай өзіндік ұстанымы бар Гүлмира Маршалқызын төл мерекесімен құттықтай отырып,оның еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз.

Марат Диханбай

Поделиться ссылкой: