Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Ардақты әріптестер!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі мен тіреуі, оның алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшілер екені белгілі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру мақсатында 2013 жылы Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленіп, мереке ретінде аталып өтілуде. Бұл – мемлекеттік қызметтің дамуы мен өсіп өркендеуіне үлес қосып жүрген сала мамандарына көрсетілген зор құрмет.
Егеменді еліміз алпауыт мемлекеттермен иық теңестіріп, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуді жоспарлап отыр, бұл үшін бізге елдігімізді танытатын бірден-бір мықты күш — мемлекеттік қызметкершілер. Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай, рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасауы керек. Әр мемлекеттік қызметші сол сенімнен шығып, ел үмітін ақтап, оң имиджді қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс атқарып келеді.Халыққа қызмет көрсетіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерімен айналысып, шешімін тауып, алғысын алудан артық дүние жоқтығын мемлекеттік қызметші жақсы түсінеді. Жастық жігері мен білімін осы жолда жұмсағаны — оның қастерлі парызы.Сондықтан мемлекет мүддесіне қызмет атқару — абыройлы,әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс.
Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Құрметті, әріптестер! Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби маман ретіндегі біліктілік пен білімдеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік те мемлекеттік қызметшілерге артылады.Осынау кәсіби мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймыз!
Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.САДЫРҚҰЛОВ.
Аудандық мәслихат хатшысы Т.ЖАМАНБАЕВ.