Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Құрметті, Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары!
Әлемді жайлаған Коронавирус індеті біздің елімізде де қауіп тудырып, жағдай күннен-күнге қиындап, науқастар саны тәулік сайын артып келеді. Күн санап аудан аумағында да науқастар саны артып, олармен тығыз қатынаста болған тұрғындар саны көбейіп жатқаны белгілі.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде Кеңес өткізді. Қазіргі еліміздегі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.
Сондықтан аудандағы індетпен күрес мәселесі-ең өзекті басты мәселе болып отыр. Індеттің алдын алу бойынша аудан әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, арнайы мониторингтік және мобильді топтар бекітілген. Індеттің алдын алуда бұл штаб міндеті-халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы арқылы инфекцияның жұғу қаупін сейілту, халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.
Науқастардың індет жұқтыру фактілерінің басым бөлігі қарапайым сақтық шараларын сақтамаудан туындап отыр. Әсіресе сыртқа шығып, түрлі отбасылық шараларға (құдалық, жерлеу рәсімдері, еске алу жиындары, той т.б) қатысу арқылы науқас жандармен қатынаста болғанын білмей қалудан болып жатыр. Көпшілік ортада көп жүру-өте қауіпті екендігін сезінетін кез келді. Барлық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде халықтың қауіпсіздігін сақтау, денсаулықты күту бағытында айтылып-жазылып жатқанына қарамастан, отбасылық-көпшілік шараларды өткізу үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. Науқастар саны көбейіп, қауіп туындауда. Сондықтан барша аудан тұрғындарын төмендегі шараларды бұлжытпай орындауға шақырамын:
— Барынша әлеуметтік ара қашықтық сақтап, оқшауланып, жұртшылық көп жиналатын жерлерге бармау, әлеуметтік оқшаулануды жүзеге асыру;
-Барлық жағдайда, барлық ортада бетперде киіп жүру, антисептик қолдану-басты міндет. Науқас белгілері болса, дәрігерге көріну қажет.
-Әр ауылдың азаматы жақындары мен жерлестерін қауіптен сақтандыру үшін өзі сақ болуы қажет.
-65 жастан асқан азаматтарға, созылмалы аурулары бар, қауіп-қатерлі топқа жататын азаматтарға үйлері мен пәтерлерінен көшеге шықпауы ұсынылады;
-орын саны 50-ден аспайтын қоғамдық тамақтандыру орындарында арасы 2 метр қашықтық сақтай отырып, баруды есте сақтау, бірақ ол орындарда отбасылық шаралар өткізуге тыйым салынғанын ескеру;
-Күндізгі уақытта аса қажеттілік болмаса, топтанып көшеге шықпау;
— Індет ошағы шыққан үй тұрғындарының ерекше оқшауланып, көшеге шықпауы, барлық талапты сақтауы қажет;
-Қоғамдық орындарда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, халықтың қауіпсіздігін сақтау маңызды.
Барлық шектеулер аудан тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жасалынып жатқанын ескеру керек. Баршаңызды түсіністік танытып, сабырлық пен төзімділік танытуға шақырамын.
Сақ болыңыздар! Денсаулықты күтіңіздер! Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!
Е.Садырқұлов,
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі.