Үгіт -насихат жұмыстары жалғасуда

817 Views

Бүгінде көшбасшы партияның төңірегінде қызу жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада басталған кандидаттар арасындағы жария пікірсайыстар белгіленген кестеге сәйкес әлі де өткізіліп жатыр. Мәселен, өткен аптада аудандық мәдениет үйінде өткен пікірсайыс сейсенбі күні Қарақыстақ ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерболат Садырқұлов та қатысып отырды. Осынау іс-шарада ең алғаш сөз алған аудан әкімі кандидаттарға өзінің қолдауын білдіріп, сәттілік тіледі. «Биыл «Nur Otan» партиясы еліміздің белсенді азаматтарына зор мүмкіндіктер  беріп отыр. Оны пайдалануға партия
мүшесінің әр азаматы құқылы. Өздеріңіз білесіздер, ауданымыздан 65 адам тіркеліп, олар бүгінде дүбірлі дода барысында өз бақтарын сынап көруде. Мен өз тарапымнан праймеризге қатысушы кандидаттарға әрдайым қолдау білдіретінімді айтқым келеді. Сондықтан да сіздерге алдағы кезеңдерден іркілмей өтіп, жоба жеңімпазы атануларыңызға шын жүректен тілектеспін» дей келе, партия бастамасының басты ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Расымен де биылғы партияға іріктеу
жұмыстары өзге форматта өрбуде. Жобаға 11000-ға жуық адам тіркеліп, орташа есеппен еліміз бойынша бір орынға 4 кандидат таласуда. Партия  баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кандидаттардың 70%- өзін-өзі ұсынғандар, ал мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37%-ы – әйелдер болса, 29%-ы – 35 жасқа дейінгіжастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жасты құрайды.
Бүгінгі күнге дейін «Nur Otan»- ның партияішілік сайлауында онлайн- дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелген. Осыған байланысты сайлауға жауапты мамандар электронды түрде дауыс беру үшін мобильді қосымша мен primaries.kz веб-порталының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр. Ол үшін «бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес» қағидаты бойынша верификация жүйесі  қолданылмақ. Бұл қадам дауыс беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Ж и ы н б а р ы с ы н д а Е р б о л а т Салқынбекұлы кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларына құлақ түріп, үміткерлердің елді мекендердегі мәселелерді шешу жолдарын, ұтымды ұсыныстарын тыңдап көрді. Айта кету керек, партияның жария пікірсайыстары мен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары 3 қазанға дейін жалғасады. Ал, дауыс беру кезеңі 1-3 қазан күндері аралығында өткізіліп, праймериз қорытындысы келесі айдың 5 күні жарияланады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: