Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Құрметті қариялар, ардақты Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлері!
Қымбатты зейнеткерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар». Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Сіздер — ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім- тағылымдарыңыз — біз үшін әрқашан да құнды. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да, Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Ауданда қазіргі таңда алты жарым мыңға жуық зейнеткер қария бар. Мемлекет тарапынан барлық зейнеткерлер мен ардагерлер қамқорлыққа алынған. Қарттарымыздың денсаулықтарын сауықтырып, ұзақ ғұмыр жасауына барлық жағдай жасалған.
Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз. Жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіcпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!
Сондай-ақ, қазан айының алғашқы жексенбісі –ұлағатты ұстаздар мерекесі.
Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім саласы – ел болашағының, қазақстандық жас ұрпақтың отаншылдығы мен руханиятының негізі. Оның басты тірегі – ұстаздардың риясыз еңбегі мен шығармашылық ізденісі.
Кез келген азамат үшін ұстаздың орны бөлек. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» – деп ұлы Абай айтқандай, қай заманда болмасын ұстаз — ерекше құрметке лайық жан.
Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымызды бiлдiргiміз келедi. Көп жылғы тәжiрибелерiңiз, даналықтарыңыз бен төзiмдiлiктерiңiз алдағы уақытта да күрделi кәсiби мiндеттердi шешуде әріптестеріңізге жәрдем беретiнiне сенiмдiмiз.
ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық, технологиялық мәдениеттің дәуірі. Егеменді еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында десек, өркениет көшіне ілесу — баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, татулығы мен бірлігі мызғымайтын еліміздің айтулы азаматын қалыптастырып өсіру — ұстаздардың мәртебелі міндеті.
Сондықтан да ұстаздар қауымы елге елеулі, халыққа қалаулы.
Қымбатты білім саласының қызметкерлері!
Баршаңызға мерейлі мереке күні мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңыздың амандығын тілей отырып, еліміздің, ауданымыздың атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін демекпіз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан әкімі Аудандық мәслихат хатшысы
Е.Садырқұлов. Т.Жаманбаев.