Наурыз көже – ынтымақтың дәнекері
18 ViewsНаурыз мерекесінің басты тағамы – «Наурыз көже» екені мұқым қазаққа белгілі. Негізінде, «Наурыз көженің» тарихы туралы ел ішінде көптеген деректер айтылады. Шағын ғана мақаламда…
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде тойлаудамыз. Тіпті, дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып, оның алғашқы іс-шаралары басталып та кетті. Жалпы алғанда аталмыш мерейтойға орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Абайдың есімін бүкіл әлем танитыны сөзсіз.Сондықтан болар ұлы ақынның туындылары әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Дегенмен, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, шоқтығы биік ірі тұлғаның жеке өмірі туралы көбі біле бермейді. Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында аудандық білім бөлімінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл шарапаты мол іс-шаралардың басым көпшілігі халықтың біртуар ұлы, философ, ойшыл, ағартушы, аудармашы, саяси қайраткер хакім Абайдың мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда. Мәселен, жуырда Көгершін ауылындағы «Ақбота» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері де бұл игі іс-шарадан шет қалмай, осынау айтулы шарада белсенділік танытып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафета-челленджіне үн қосты. Бас бармақпен бағалауға тұратын бастаманы қолдаған ұстаздарымыз өз әріптестеріне Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін жолдады. Бұдан бөлек, «Ақбота» бөбекжай-бақшасының педагог қызметкерлері және тәрбиеленушілері арасында Абай шығармаларынан байқау өткізіліп, ақынның өлеңдері мен қара сөздері жатқа оқылды. Бұл іс-шара ақынның шығармаларын еске түсіруге керемет мүмкіндік болды деп айтуға толықтай негіз бар. Ұлтымыздың ұлы ақынын ұлықтауды көздейтін дәл осындай іс-шаралардың жас ұрпаққа берері көп деп есептейміз.
Нұрсұлу Төлбасиева,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.